Пара талап етсе, «Talapopros» бағдарламасы арқылы шағымданыңыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пара талап етсе, «Talapopros» бағдарламасы арқылы шағымданыңыз

26.12.2019

Біреу сізден пара талап етті ме? Немесе осындай оқиғаға куә болсаңыз смартфоныңызға «Talapopros» бағдарламасын жүктеңіз. Ондағы сауалнама арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ашықтықты қамтамасыз етпек. Әрине аты-жөніңізді құпия сақтау өз еркіңізде. Агенттік қылмыспен осылай күресуде. Дегенмен факт азаяр емес. Тіпті, Қаржы министрлігінің өзі қаражатты жымқырып әлек. 2017-2019 жылдар аралығында құзырлы органға қатысты 318 қылмыстық іс анықталып, 108 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Бармақ басты көз қысты оқиғаның орын алуына салық қызметкерлері де үлесін қосып үлгеріпті. Биыл осы саладағы 58 қызметкер кінәсін мойындап, түрмеге жабылды. Мемлекеттік сатып алу аясында да 383 сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс қозғалған. Олардың басым бөлігі тендерлерді бөлу, шарттарды заңсыз жасау сияқты себептермен пара алған. 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу