Енді пара беруді талап еткендердің үстінен арызды әлеуметтік желі арқылы беруге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді пара беруді талап еткендердің үстінен арызды әлеуметтік желі арқылы беруге болады

06.03.2018

Сондай-ақ, кез келген қала тұрғыны интернет арқылы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын, жол құрылысын және өзге де мемлекеттік қызметке қатысты мәселелерді бақылай алады. Ал, егер қандай да бір заңбұзушылық анықталса, тұрғындар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облыстық департаментіне тікелей шағымдана алады.

Киікбай Ешманов, арнайы мониторинг тобының мүшесі:

- Жемқорлықтың алдын алу үшін немесе соны ауыздықтау үшін осы жұмысқа кіріскелі отырмыз. Бір ғана өтінішіміз бар. Орынсыз қаралау, біреудің ар-намысына тиетін материалдар, ешқандай нақты дерегі жоқ өсек-аяңға көңіл бөлмейміз.

Айсара АЙТМАН

Хабарламаларға жазылу