Курчатов қаласы әкімшілігінің қызметкері пара алып жатқан жерінде ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Курчатов қаласы әкімшілігінің қызметкері пара алып жатқан жерінде ұсталды

21.04.2014
Курчатов қаласы әкімшілігінің қызметкері пара алып жатқан жерінде ұсталды

Семейде Қаржы полицейлері Курчатов қаласы әкімшілігінің қызметкерін пара алып жатқан жерінен қолға түсірді. Әкімшіліктегі бөлім басшысы «Моноқалаларды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 3 миллион теңге несие алып, ісін бастамақ болған тұрғыннан бұл соманың 10 пайызын талап еткен.  

Талап орындалған жағдайда несие рәсімдеу жеделдеп, еш қиындықсыз қолға тиетіндігін айтқан. Сөйтіп, параның біраз бөлігін алып жатқанда қолға түсті. Мемлекеттен шағын және орта бизнесті дамыту үшін берілуі тиіс қаражатпен қалтасын қалыңдатпақ болған басшы қазір қамауда.  

Оның үстінен Қылмыстық Кодекстің 311-бабының 2-бөлігі бойынша  іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.  

Жанар Құрманғалиева, Семей аймағы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының аға инспекторы:

Курчатов қаласының тұрғыны құс шаруашылығымен айналысу үшін  3 миллион теңге несие алуға әкімшілікке құжаттар тапсырған. Ал, әкімшілік қызметкері құжаттарға қол қою үшін 300 мың теңге пара сұраған.  

Ержан ЖАҚЫП
 

Хабарламаларға жазылу