Пара беруші де жазадан құтылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пара беруші де жазадан құтылмайды

07.09.2019

Қазақстандағы парақорлық деңгейін қалай бағалайсыз? Бұл 2018 жылы бұқараға берілген сауалнама. 10 пайызы-бұрынғыдан азайған дейді. 80 пайызы-парақорлық көбейген дейді. 10 пайызы-Қазақстанда мүлдем пара алмайды депті. Билік пен бұқараның міндеті соңғы жауаптың үлесін 100 пайызға жеткізу. Қоғам таза болсын десек, қазына қаржыға толсын десек, таланттар өз елінде оңсын десек, әр қазақтың өз қара шаңырағы болсын десек біз бірге еңбек ету керекпіз.

Неге біз жемқорлық жойылған қоғамды қалап тұрып, өзіміз тәртіп бұзсақ жазадан пара беріп сытылып кетуге тырысамыз? Сөзі мен ісі сәйкес келмейтіндердің қаперіне салайын, пара алушыны соттау бір, пара берушіде енді сүттен ақ, судан тазамын деп сытылып, жазадан құтылып кете алмайды. Мысалы өткен жылы Елордада мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық жасаған 6 азаматқа айыппұл салынды. Сондай пысықтың бірі көлік салығын төлеуді тездетуді сұрап қызметкерге мынадай кәмпит берген. Ақырында тәтті кәмпиттің ащы дәмін татты. Мемлекеттік қызметкерге осы сыйлықты тықпалағаны үшін айыпты деп танылған азамат қазынаға 337 000 теңге айыппұл төлеуге мәжбүр. Пара беру мен алудың ауылы қайдан басталады деген сұрақ көптің көкейінде көлкіп тұр, бір мысал мынау:

Жемқордың жемсауына қаржы салуға кімдер дайын десеңіз жауабы міне. Өткен жылы көлеңкелі экономикаға болыспақ болғандарға қарсы 130 қылмыс тіркелген. Тексерушілер, кәсіпкерлердің жауапсыздығын айтады. Шаруаларын шала жасап, қауіпсіздікке жүрдім-бардым қарағандар тексеру келсе теңселіп, қатенің бәрін пара беріп еңсеріп кетуге тырысады екен. Байқайсың, басты шайқайсың. Демек жемқор ақша талап етсе бұл-қылмыс, ал біз қара бастың қамы үшін сол парақорлардың қалтасына ақша салсақ олардан қандай айырмамыз қалады? «Қара бұлтты жел ашар,


Хабарламаларға жазылу