Сирия мұнай ұрлағаны үшін АҚШ-ты сотқа береді
Cирия билігі елдің мұнай ресурстарын ұрлағаны үшін АҚШ-ты сотқа бермек. Ресми Дамаск Вашингтонға қарсы халықаралық дәрежеде қандай шара қолдануға болатын нұсқаларды зерттеп жатыр.
Бұл туралы Башар Асадтың кеңесшісі Бусейна Шаабан мәлімдеді. Ел билігі енді мұнайлы аймақтардан Құрама Штаттарды аулақ ұстамақ. Өйткені бұл елдің егемендігін бұзып отыр. Осы орайда Бусейна Шаабан Дональд Трамптың «АҚШ әскері Сирияның мұнайын қорғап жүр» деген мәлімдемесіне дәлел жоқ екенін айтты.
Бұған дейін Америка лидері Түркияның әскери операциясы аясында бұл өңірден әскерінің басым бөлігін шығарған болатын. Алайда елдің оңтүстігі мен шығысында АҚШ әскерінің шағын бір бөлігі жүр.
Ал президент Башар Асад АҚШ-тың Сирия жеріндегі мұнайды Түркияға сатып жүргенін айтып, айыптаған еді.
Дереккөз: ria.ru, фото: Baderkhan Ahmad
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы