Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті азаматтарға, мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне сыйлық алуға және беруге болмайтындығын ескертеді.
«Мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес, бұл әрекеттер мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретінін атап өту қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада лауазымды тұлғаға құны 2 АЕК-тен төмен тұратын (5050 теңге) сыйлық бергені үшін 200 АЕК (505 мың теңге) әкімшілік айыппұл, ал мемлекеттік қызметшілерге сыйлық алғаны үшін 600 АЕК (1 миллион 515 мың теңге) әкімшілік айыппұл қарастырылған. Құны 2 АЕК-тен жоғары тұратын сыйлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады», - делінген хабарламада.
Мемлекеттік қызметшінің келген сыйлық жөнінде хабары болмаса, сондай-ақ тиісті функцияларды орындауға байланысты алынған сыйлықтар жеті күн ішінде арнайы мемлекеттік қорға ақысыз жеткізілуге жатады.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметкердің отбасы мүшелерінің сыйлықтар мен қызмет түрлерін алуға, аталған тұлғаның қызметімен байланысты жеке және заңды тұлғалар есебінен туристік, сауықтыру және басқа да сапарларға шақыру қағаздарын қабылдауға құқығы жоқ.
elorda.info