Буллинг жасағандарға қанша айыппұл салынады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Буллинг жасағандарға қанша айыппұл салынады?

16.04.2024

Біреудің баласын қорқытқандарға, яғни буллинг жасағандарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Яғни, жауапты 37 мың теңгеге жуық төлейді. Ал буллинг, кибербуллинг бір жылда екінші рет қайталанса, онда айыппұл көлемі бірден үш есеге өседі. Демек, сес көрсеткіш 110 мың теңгеден аса айыппұл төлеуге міндеттеледі. Мұндай әрекетке 12 мен 16 жастағы жасөспірімдер барса, онда айыппұл баланың ата-анасына салынады. Бұдан бөлек, баланы қоғамдық көліктен мәжбүрлі түрде шығарып жіберуге болмайды. Бұған да айыппұл қарастырылған. Президент 15 сәуірде қол қойған Балалардың құқығы мен қауіпсіздігіне қатысты заң 16 маусымда күшіне енеді. Жаңа талапқа сай енді лагерь, сауықтыру орталықтары сынды мекемелердің барлығы еш ескертусіз тексеріледі. Сондай-ақ, лагерьлер лицензия алуға міндеттеледі.

Жолдас Батырхан, ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:

Бұған дейін жеке кәсіпкер ешкімге хабарламай-ақ арнайы лицензия алмай-ақ өз бетінше лагерьді ашып, балаларды қабылдай беретін. Енді жеке кәсіпкер бұрынғыдай кез-келген орталықты жұмыс істей алмайды. Арнайы талаптар белгіленеді. Сол талаптар сақталып, лицензия алған жағдайда ғана жазғы сауықтыру орталықтары жұмыс жасауға мүмкіндік алады


Хабарламаларға жазылу