Қызылорда қаласының тұрғындары жол азабын тартып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда қаласының тұрғындары жол азабын тартып отыр

24.12.2019

Қызылорда қаласының тұрығындары жол азабынан тартып отыр. Әсіресе қаланың мөлтек аудандарында аяқ алып жүру мүмкін емес. Қыс ішінде лай кешіп жүрген балалардың мектепке қатынауы мұң болды. Амалы таусылған тұрғындар қаржы жинап, жолға құм төсеп, өз қамдарын өздері қам жасауда.

Жаңбыр жауып, қар түссе болды әл-Фараби мөлтек ауданындағы тұрғындардың құты қашады. Себебі көшелердің біразында асфальт түгіл, тас та төселмеген. Батпақтың құрсауында қалған жұртқа қатынау қиын.

Жолдың жәйін айтып, талай табалдырықты тоздырған тұрғындар енді өз қамдарын өздері жасауға кірісті. Әркім шама-шарқынша ақша жинап, құм төккізді. Бірақ ми батпақта адам түгіл ауыр техниканың өзі әзер жүр.

Қала іргесіндегі көшелерді жөндеуге қаржы тапшы. Әкімдіктеіглер қолдан келгенше көмек көрсетіп жатқанын айтады.

Соңғы жылдары қала аумағы 2 есе ұлғайып, халық саны күрт өсті. Бүгінде шаһар бойынша 259 көшені жөндеу керек. Келер жылы тек 28-іне асфальт төселмек.

Әлімжан СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу