Павлодар мен Қарағанды экологиялық ахуалы ең нашар өңірлер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар мен Қарағанды экологиялық ахуалы ең нашар өңірлер

24.12.2019

Павлодар мен Қарағанды облыстары экологиялық ахуалы ең нашар өңірлер тізімін бастап тұр. Аталған аймақтар елдегі қалдықтардың 56 пайызын еншілеп отыр. Осы орайда, Үкімет басшысы Асқар Мамин: «Жаңа экологиялық кодекс аталған өңірлердегі өндірісті жаңғыртуға ынталандыруы тиіс», -деген пікір айтты. 2018 жылдың қорытындысы бойынша атмосфераны ластаушы заттардың қалдықтары 2,5 миллион тоннаға жеткен. Ал жыл сайынғы өсімі 100 мың тонна. Оның ішінде көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциялары 940 мың тонна улы затты ауаға шашады. Дер кезінде шара қолданбаса, енді 10 жылдан кейін ластаушы заттардың көлемі 3,6 миллион тоннаға дейін өспек. Париж келісіміне сай, Қазақстан парниктік газдарды 2030 жылға қарай 1990 жылмен салыстырғанда 15 пайызға төмендетуге міндеттеме алған болатын. Алайда, іс пен сөздің арасы жер мен көктей.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу