"Мұз патшайымы" спектаклі қойылды
Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында "Мұз патшайымы" спектаклі қойылды.
Жаңа жыл қарсаңында көрермен назарына ұсынылған қойылымның алғашқы премьерасы мүмкіндігі шектеулі балалар мен көпбалалы отбасыларға қайырымдылық мақсатында тарту етілді. “Мұз патшайымы” музыкалық спектаклі Ганс Кристиан Андерсен мен Евгений Шварц ертегілерінің желісі бойынша жасалған. Қойылымға 1200-ге жуық жағдайы төмен балалар қатысып, адамзат пен табиғатты байланыстыратын тың туындыға тәнті болды. Одан соң Алмалы әкімдігі бүлдіршіндерге мерекелік концерт ұйымдастырып, жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.
Бауыржан Жақсымбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18