Шетелдегі қазақтарға білім алу үшін бөлінген гранттар саны 7 мыңға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдегі қазақтарға білім алу үшін бөлінген гранттар саны 7 мыңға жетті

19.12.2019

Шетелдегі қазақтарға елімізде білім алу үшін бөлінген грант саны жеті мыңға жетті. Бүгін «Отандастар қоры» жылды қорытындылап, өзге мемлекеттерде тұрып жатқан қандастарға қандай қолдау көрсетілгенін айтып берді.

Мәселен, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, Моңғолия сияқты елдерден биыл 150 бала атамекенге арнайы бағдарламамен демалуға келген. Ал мектеп бітірген ересектері үшін Қазақстанда білім алуға барынша жағдай жасалып жатыр. Сөйтіп еліміздің колледж, университеттеріне екі мыңнан астам отандасымыз оқуға түскен. Олар үшін осы уақытқа дейін бөлінген грант саны 7 мыңға жетті. Жалпы мәліметтерге қарағанда, қазір ел аумағынан тыс жерлерде 8 миллионға жуық қазақ бар. Олар тілді ұмытпас үшін онлайн қазақ сыныптары ашылған. Әрі атажұртқа оралғысы келетіндерді қолдау үшін арнайы заң әзірленген.

Досжан МАРАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу