Бұдан былай ЖОО бөлінетін гранттар тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұдан былай ЖОО бөлінетін гранттар тоқтатылды

03.12.2021

Бұдан былай жоғару оқу орындарына бөлінетін гранттар тоқтатылды. Енді оқу гранты түлектерге беріледі. Сосын абитуриент оқу орнын өзі таңдайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі айтты. Осы шарадан кейін ЖОО арасында бәсеке артады.

Ал «оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларына 2 млн дана қазақ және әлем әдебиетінің үздік кітаптары қазақ тілінде жеткізілді. Ведоство басшысы инклюзивті білім беру бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіліп жатқанын алға тартты. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдаған мектепке әрбір ерекше бала үшін 2 есе артық қаржы бөлінеді. Бұл қосымша мықты мамандарды жұмысқа тартуға септігін тигізеді.

Министр шетелге көптеп кетіп жатқан жастар мәселесіне де тоқталды. Мұның алдын алу үшін 2025 жылға қарай Қазақстанда әлемнің үздік жоғары оқу орындарының 5 кампусы ашылады. Яғни талантты жастарға өз елімізде білім алып, қызмет етуге жағдай жасалмақ.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

Балалардың жоғары білім алу құқығын айтатын болсақ, тек қана соңғы 3 жылдың ішінде гранттар саны 2 есе артты. Степендия да 2-3 жыл ішінде 2 есе артты. Қай саланы алсақ та, үлкен алға жылжу бар. Мемлекет өзінің білім саласы бойынша Конституцияда бекітілген кепілдіктерін толығымен орындап жатыр.


Хабарламаларға жазылу