1999 жылдан бері мемлекеттік білім гранты үш есе артты (КЕСТЕ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1999 жылдан бері мемлекеттік білім гранты үш есе артты (КЕСТЕ)

12.12.2018

Болашақ білімді ұрпақпен баянды. Ол балабақшалардан басталуы керек. Осы үшін мемлекет арнайы «Балапан» бағдарламасын қабылдады. Бағдарлама бекіген 2010 жылға дейін елімізде 4000 мектепке дейінгі білім беру мекемесі болса, қазір олардың саны 10200-ге жетті. Нәтижесінде қамту көрсеткіші азаттықтың алғашқы жылдарындағы 36,5 пайыздан 95,2 пайызға жетті. Ал, мемлекеттік гранттар саны 1999 жылғы 18 мыңнан 53 мыңға көбейтілді. Өсім 3 есе. Бұл орайда, ауыл балалары - басты назарда. Шамамен, жыл сайын 14 мыңнан астам түлек ауыл квотасы арқылы тегін білім алады.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу