«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру тиімділігі 600 миллиард теңгеден асты. Бүгін «Digital Samruk» конференциясын ашып берген Премьер-Министр Асқар Мамин, ауқымды бағдарламаның сәтті жүзеге асып жатқанын жеткізді.
Шара барысында Үкімет басшысы «Самұрық-Қазына» қорының және оның серіктестерінің цифрлық технологиялар мен «ақылды қалалар» саласындағы жетістіктерінің көрмесімен танысты. Премьер-Министрдің айтуынша, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін цифрландырудың маңызы зор. Бұл бармақ басты, көз қысты әркеттерді де жойып, алдын алады. Сондықтан сандық технологиялар, әсіресе, мемлекеттік қызметтерді ұсыну, білім беру, денсаулық сақтау, қаржы салалары, көлік және тау-кен металлургия салаларында жоғары қарқынмен енгізіліп жатыр.
Досжан МАРАТҰЛЫ