Басты Жаңалықтар Байқоңыр ғарыш айлағында «Бәйтерек» зымыран кешенін салу тетіктері қаралды

Байқоңыр ғарыш айлағында «Бәйтерек» зымыран кешенін салу тетіктері қаралды

Байқоңыр ғарыш айлағында «Бәйтерек» зымыран кешенін салу тетіктері бүгін мәжілістің жалпы отырысында қаралды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев экологиялық және әлеуметтік-экономикалық тиімді болатындығын айтты. Кешеннің құрылысына Қазақстан жауапты болады. Оған шамамен 233 миллион доллар бөлінеді. Ал «Союз-5» зымыран тасығышының құрылысын Ресей өз мойнына алып отыр. Оның құны 916 миллион доллар көлемінде болады. Құрылыс жұмыстарына қазақстандық мамандар мен компаниялар тартылмақ.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Бөлісу