Ақордада бірқатар тағайындаулар болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақордада бірқатар тағайындаулар болды

18.12.2019
Ақордада бірқатар тағайындаулар болды

Мәдина Әбілқасымова Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы болып тағайындалды. Мемлекет басшысының Өкімімен ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Қанат Бозымбаев Энергетика министрі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

Иманғали Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Елші қызметінен босатылды. И.Тасмағамбетов Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды.

Мәулен Әшімбаев ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол осыған дейін атқарған Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды.

Бұған дейін ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болған Дархан Қалетаев қызметінен босталды.


akorda.kz

Хабарламаларға жазылу