Бірқатар өңірде ауа райына қатысты ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірқатар өңірде ауа райына қатысты ескерту жарияланды

24.02.2020

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жасалды. Синоптиктердің мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында ауа райы күрт бұзылады. Қалың тұман түсіп, жолда көру қашықтығы азаяды. 

Қызылорда облысының да кей аймақтарында тұман болуы мүмкін. Ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетіп, боран болады.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу