Демалыс күндері аптап ыстық болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Демалыс күндері аптап ыстық болады

25.06.2021

Еліміздің батысында демалыс күндері 32-37 градусқа дейін аптап ыстық болуы мүмкін. «Қазгидромет» мамандары атмосфералық ауа ағындарының әсерінен бірқатар аймақта найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжап отыр. Ал Қазақстанның батыс өңірінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Шығыс пен оңтүстікте жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Күндіз солтүстікте 20-32 градус, орталықта 20-37, ал шығыста 15-28 градус аралығында ыстық болады.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу