Бірқатар өңірде үсік жүреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірқатар өңірде үсік жүреді

20.09.2021

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді. Фронтальды бөліктердің ықпалымен ауа райы құбылмалы болады. Шығыста қар аралас жауын жауады. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Батыс, Шығыс, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей өңірлерінде 3 градус үсік жүреді. Оңтүстік пен батыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста аздаған жауын жауып, арты қарға ұласады. Қалған өңірлерде антициклон әсерінен күн райы ашық болады. Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, шығыста және орталықта тұман түсуі ықтимал. 

Хабарламаларға жазылу