Еліміздің 15 өңірінде жел тұрып, ауа райы бұзылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің 15 өңірінде жел тұрып, ауа райы бұзылады

17.09.2020

Еліміздің 15 аймағында күн бұзылып, табиғат тосын мінез танытқалы тұр. «Қазгидрометтің» болжамы бойынша бүгін-ертең қатты жел тұрып, жауын жаумақ. Мәселен Нұр-Сұлтанда секундына 23 метрге дейін дауыл болады деп күтілуде.

Ал Солтүстік Қазақстанда қатты жаңбыр жауып, найзағай соғады. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Шығыста да дауыл тұрады деп күтілуде. Секундына 23-28 метрге дейін жел соғады. Батыс Қазақстан мен Түркістан облыстарында ауа райы бұзылып, еліміздің басым бөлігінде жел күшейгелі тұр. Сондықтан мамандар тұрғындардан сақтық шараларын алдын ала қабылдауды сұрап отыр.  

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу