«Сервистік әкімдік» ашылды

09.12.2019

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылдық округінде «Сервистік әкімдік» ашылды.

Бұл жоба тұрғындарға елдімекеннің әр жерінде орналасқан бөлімдерді іздемей-ақ, мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қызметтің сапасын көтеріп, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге септігін тигізеді. «Сервистік әкімдік» қағидаты мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде жайлы жағдай жасалуымен де ерекше. Мониторинг нәтижесі көрсеткендей, тұрғындардың дені құрылыс-сәулет, әлеуметтік қорғау, білім және коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты құжаттар алуға көп уақыт жұмсайды. Енді мұның бәрін электронды нұсқада жылдам ала алады.

Руслан ҚОСАНОВ      

Хабарламаларға жазылу