Қызылорда облысының барлық ауданында сервистік әкімдік іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының барлық ауданында сервистік әкімдік іске қосылды

04.11.2020

Қызылорда облысының барлық ауданында сервистік әкімдік жобасы іске қосылды. Халық үніне құлақ асатын билік қалыптастыру бағытында қолға алынған жоба азаматтарға тиімді болып тұр. Мәселен, тұрғын үй, комуналдық шаруашылық, жер қатынастары секілді мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұрғындар бұрынғыдай әр мекеменің есігін қағып, табалдырығын тоздырып әбігерге түспейді. 

Бақытжан Ниязов, облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының бірінші орынбасары:
Жаңақорған және Сырдария аудандарына сервистік әкімдік қызметімен таныстық. Жалпы мемлекеттің халық үніне құлақ асатын мемлекеттік идеясының басты көріністерінің бірі - ашықтық. 

Әділбек Серікұлы

Қызылорда сервистік әкімдік

Хабарламаларға жазылу