Таразда «Антикор» сервистік орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда «Антикор» сервистік орталығы ашылды

29.01.2020

Мұнда тұрғындар құқықтық кеңес алып, заңгерлердің көмегіне жүгіне алады. Азаматтардың арыз-шағымдары осы жерден қабылданып, кедергілерге тап болған кәсіпкерлерге де қолдау көрсетіледі.

Мамандардың айтуынша, бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, дерек тіркелген жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қоғам өкілдері мен агенттік арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, жұрттың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруы тиіс. 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу