Франциядағы шеру кезінде пойыздар мен метро станциялары тоқтап, мектептер жабылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франциядағы шеру кезінде пойыздар мен метро станциялары тоқтап, мектептер жабылған

06.12.2019

Франция кәсіподақтары үкіметтің зейнетақы реформасына наразылық білдіру үшін халықты желтоқсанның 10-да тағы да жаппай ереуілге шақырды. Өткен тәулікте Парижде бұл реформаға қарсы шерулер қақтығысқа ұласты. Полицейлер қала орталығына жиналған демонстранттарды тарату үшін көзді жасаурататын газ қаруын қолданған.

Елдің ішкі істер министрлігі таратқан мәліметке қарағанда, манифестациялар 30 қалаға тарап, оларға 800 мыңнан астам адам қатысты. Бір Париждің өзінде 65 мыңдай тұрғын көшеге шыққан.

Қарсылық акциясына теміржолшылар, мұғалімдер, дәрігерлер де шықты. Соның салдарынан ел астанасыда пойыздар мен метро станциялары тоқтап, мектептер жабылған.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу