Германияда бір тәулікте 200 мың адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда бір тәулікте 200 мың адамнан коронавирус анықталды

27.01.2022

Бұл - пандемия басталғалы ең жоғары көрсеткіш. «Рейтердің» мәліметінше, Германия ковидке қарсы вакциналау деңгейі бойынша Батыс Еуропа Франция, Италия мен Испаниядан кейінгі орында тұр. Бұл елде тұрғындардың 75 пайызы ковидке қарсы екпенің бір дозасын алған. Германия парламенті қосымша екпе салуды міндеттеу мәселесін дауысқа салып жатыр. Берлин орталығына шеруге шыққан жүздеген тұрғын мұндай ережені қабылдауға қарсылық білдірді. Қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін 1600 полиция қызметкері жұмылдырылған. Бірнеше адам құқық сақшыларына құлақ аспағаны үшін ұсталды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу