Жұмысына селқос қараған құқық қорғау органдарының өкілдері сынға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмысына селқос қараған құқық қорғау органдарының өкілдері сынға алынды

04.12.2019

Жұмысына селқос қараған құқық қорғау органдарының өкілдері бүгін елдің бас полицейінен сөз естіді. Ішкі істер министрі «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтармен кездесті. Ерлан Тұрғымбаевтың халықпен бір айдың ішінде осымен екінші кездесуі. Министрмен бетпе-бет жүздесіп, мәселесін жеткізуге мүмкіндік алған азаматтар кезекте сағаттап тұрды.

Министрдің құзыретіне кірмейтін мәселелерін айтып, көмек сұрап келгендер де бар. Елордалық Бақытжан Бексұлтанқызы өзі тұратын үйінің ПИК жетекшісі мен көрші дауына Ерлан Тұрғымбаевтың араласуын қалайды.

Бұл күні ұзын-саны 60-қа жуық тұрғын министрдің қабылдауында болды. Ерлан Тұрғымбаев түлкібұлаңға салған қызметкерлерінің әрекетін көріп, басын шайқады. Олардың ісі енді майшаммен қаралады. Тәртіп сақшылары тәртіп бұзса — жаза қатаң.

Осындай форматтағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ 


Хабарламаларға жазылу