Президент құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді

05.06.2020

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді. Жиынға Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшылары қатысты. Мемлекет басшысы заңдылықты күшейту, елімізде тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті сақтау бағытында жауапкершіліктің жоғары екенін айтты. Сондай-ақ коронавирус пандемиясы кезінде азаматтардың денсаулығын сақтауда күштік құрылымдардың рөліне тоқталды. Саяси реформалардың заңнама нормалары жөнінде түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру қажеттігіне тоқталды.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу