Павлодарда жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты

03.12.2019

Алдын ала мәліметке қарағанда, көзі ілініп кеткен 55 жастағы «KIA» көлігінің жүргізушісі қарсы бетте келе жатқан «ВАЗ-2109» көлігіне соғылған. Қазір ол екі жолаушысымен бірге ауруханада. Ал, ВАЗ көлігінде отырған ерлі зайыптылар қаза тапты. Олармен бірге болған 4 баланың бәрі ауыр халде. 1,5 жасар сәби ес-түссіз Ақтоғай аудандық ауруханасында. Ал, ересек үшеуі облыс орталығына жеткізілді. Екеуі жан сақтау бөлімінде.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу