Маңғыстау облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

28.07.2022

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 3 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында болған. Көліктердің бірі алдындағы машинаны басып озу үшін қарсы бетке шығып кетіп бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан екі көліктің де жүргізушісі және 1 жолаушы оқиға орнында тіл тартпастан кетті.    

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу