«Balapan» арнасы кішкентай көрермендеріне мерекелік көңіл күй сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Balapan» арнасы кішкентай көрермендеріне мерекелік көңіл күй сыйлады

30.12.2021

«Balapan» телеарнасы «Балапан әлемі» акциясы аясында кішкентай көрермендеріне жаңа жылдық көңіл күй сыйлады. Мереке қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы SOS балалар үйінде «Кел, Жаңа жыл» атты мерекелік концерт ұйымдастырып, ән мен жырдан шашу шашты. Аяз ата мен Ақша қар балаларға түрлі ойындар ойнатып, қуанышқа бөледі. Шығармашылық ұжым балаларды мерекемен құттықтап, «QAZAQSTAN» корпорациясының атынан тәттілер мен телеарна шығарған кітаптарды табыстады. Өз кезегінде балалар да «Balapan» арнасына алғысын білдіріп, арнайы істеген қолөнер туындыларын тарту етті. Сонымен қатар, «Balapan» телеарнасы еліміздің әр аймағындағы 20 балалар үйіне «Ақжелкен», «Балдырған», «Балалар әлемі» журналдарына 1 жылдық абонемент сыйлады. Балаларды көгілдір экран арқылы қуантып жүрген арнаның эфирден тыс жобалары келер жылда да жалғасын табады. 

Хабарламаларға жазылу