Баласын қоқысқа тастаған ана іздестіріліп жатыр
23 қарашада Қостанайдың Әуежай ықшам ауданындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды. Сұмдығы сол - безбүйрек ана нәрестенің басын полиэтилен пакетпен орап кетіпті. Оны қала тұрғыны байқап қалып, тез арада дәрігерлер мен полицейлерге хабарлаған. Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына 7 минутта жетті.
«Қоқыс жәшігінде енді ғана туған ұл жатты, оның басы пакетпен оралған. Шақалақ клиникалық өлім жағдайында еді. Дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысты, бірақ мүмкін болмады. Нәрестенің денесі мәйітханаға жеткізілді», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір шақалақтың анасы іздестіріліп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атыраулық диқандар 50 мың тоннадай өнім жинады
20.08.2026, 17:27
Өскеменде қоқыс шығаруды цифрлық жүйемен бақылайды
20.08.2026, 17:25
Гарри ханзада мен жұбайы Меган еліне оралады
20.08.2026, 17:22
Бұрынғы мультимиллиардер қалған өмірін түрмеде өткізеді
20.08.2026, 17:20
Фельдшер Ұ.Мырзуан ісі: Жәбірленуші тарап тыңдалды
20.08.2026, 17:17
Ел жаңалықтарына шолу
20.08.2026, 17:15
Сарапшы: Құрылтай жүйелі өзгеріске жол ашады
20.08.2026, 17:10
Халықаралық байқаушылар сайлауға дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 17:07