Президент Тараз қаласының әкімін жұмыстан босатуды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Тараз қаласының әкімін жұмыстан босатуды тапсырды

21.11.2019

«Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін қала әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым», - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Таразда бұрын істі болған қаскөй мектеп оқушысын зорлап кеткен болатын. Осы жолғы қылмысы үшін ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл жағдайдан кейін мектеп директоры және бірнеше адам жұмыстан қуылып, облыстық білім басқармасының басшысы өз еркімен қызметінен кеткен.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу