Президент Алматы қаласының әкімін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Алматы қаласының әкімін қабылдады

17.10.2022

Жеке инвестициялар көлемі бойынша Алматы көш басында. Қалада іскерлік белсенділік қалпына келді. Биылғы тоғыз айда шағын және орта бизнес нысандары 37 пайызға артты. Қала әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысына шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша есеп берді. Сонымен қатар, 2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспарды әзірлеу жөнінде баяндалды. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту, мектептердегі орын тапшылығын жою, бірыңғай бейнемониторинг жүйесін құру жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы да айтылды. Президент қаланың экономикасын одан әрі әртараптандыру және инфрақұрылымын жаңғырту жөнінде тапсырма берді. 

Әсима Нұрбай

Хабарламаларға жазылу