Мектеп есепшілері миллиондап ақша жымқырған

21.11.2019

Атырауда мектеп есепшілері 40 млн теңгеден астам бюджет қаржысын заңсыз иемденген. Олар қомақты қаражатты өзінің және өзгенің есепшотына аударып отырған. Аймаққа қарасты Жылой ауданындағы 20 білім ордасына бақылау жүргізген арнайы комиссия қаржылық былықтардың бетін ашты. 

Қазынадан бөлінген 9 млрд теңгеге жуық ақшаның есебі тексерілді. Нәтижесінде 24 млн теңгеге жуық бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсаған 16 мектеп анықталды. Сондай-ақ мамандар бухгалтерлік есепке алуға жататын мәліметтерді жасырудың 9 фактісін әшкереледі. Деректер экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу