ЖОО есепшілері 600 миллион теңгені жымқырған
Ақтауда Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің есепшілері 600 миллион теңге қаражатты жымқырғаны белгілі болды.
Олар мұндай құйтырқы әрекетке 2011-2013 жылдар аралығында алдын ала сөз байласып, банк төлемдерін жалған жасау арқылы барған. Әзірге бас есепшісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Қаржы полициясы мамандары күдіктінің бірнеше сыбайласы болуы әбден мүмкін, дейді. Қазір тергеу амалдары басталып кетті.
Нұргүл Мұқатай, Маңғыстау облысы бойынша ЭСЖКД баспасөз қызметкері:
Бүгінгі таңда облыстық прокуратурамен бірлесіп, жедел тергеу тобы құрылды. Бұл топ аталған қылмыстық істі тергейтін болады.
Жазира ӘБІЛ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте «Таза Қазақстан – ортақ үйіміз» дөңгелек үстелі өтті
05.03.2026, 17:37
Шалқар ауданында екі спорт кешені ашылды
05.03.2026, 17:36
Skills Enbek: 27 мың адам онлайн курстан өтті
05.03.2026, 17:34
Ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты $7 миллиардқа жетті
05.03.2026, 17:33
Шаруалар жерді өңдегені үшін қаржы ала алады
05.03.2026, 17:31
Конституциялық жоба – әділетті қоғамның негізі
05.03.2026, 17:29
Т.Минуллина: Саяси реформалар инвесторларды құлшындырады
05.03.2026, 17:24
К.Кильюнен: Адам мүддесі алдыңғы орынға шыққаны маңызды
05.03.2026, 17:21