Қызылорда облысында 8 мектептің директоры мемлекет қаржысын жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 8 мектептің директоры мемлекет қаржысын жымқырған

09.01.2023

Қызылорда облысында 8 мектептің директоры мен есепшілері ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 6 заңбұзушылық Жаңақорған ауданында тіркелген. Жауаптылар мектепте мүлдем жұмыс істемейтін тұлғаларға еңбекақы аударып, құжат бойынша бұрмалап келген. Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы №112 мектептің күзетшісіне бір айда 6 миллион теңге үстемақы төленген. Осындай сыбайлас жемқорлық деректерінен кейін облыстағы барлық білім мекемелерінде жіті тексеру жүргізілмек.

Асылхан Ашықов, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:
Тек бір ғана №51 орта мектеп бойынша ұрланған қаражат көлемі 117 миллион теңгені құрайды. Аталған құқық бұзушылықтар жауапты тұлғалармен еңбекақы қоры қаражаттарын төлеу барысында тиісті ақпараттық жүйелердің кемшіліктерін пайдалана отырып жасаған деген негіздер бар.

Ә.Серікұлы

Хабарламаларға жазылу