Павлодарда мектеп үнемдеген ақшаны өз пайдасына жаратқан есепші ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда мектеп үнемдеген ақшаны өз пайдасына жаратқан есепші ұсталды

16.11.2018

Мұны Ішкі мемлекеттік аудит қызметкерлері анықтаған. 25 жастағы азамат мектеп бухгалтериясына және шағын орталықтың есеп-қисабына да жауапты болған. Қылмыстық әрекетін іске асыру үшін мектеп директорының электронды сандық үлгідегі қолтаңбасын пайдаланған. Сөйтіп еңбекақы төлеу және шаруашылық жүргізуден артылған қаржыны өз жеке картасына аударған. Бастапқыда 50 мың теңге жымқырған. Басшылық тарапынан есептер мен бухгалтерлік құжаттар тексерілмегендіктен, миллиондап ұрлауға көшеді. Сөйтіп үш жыл ішінде 4 млн. 600 мың теңгеден астам мемлекет қаржысын қолды қылған. 

Жанар Жұматаева, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

- Бастапқыда өз картасына шағындап аударып отырған. Кейінірек миллиондап салған. Әсіресе, 2018 жылы аса ірі көлемдегі қаржыны жымқырған. Сотта кінәсін толық мойындады. Дүние-мүлкін тәркілемей 4 жылға бостандығын шектеу жазасы қолданылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.   

 

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу