Түркістан облысының мақташылары жиып алған өнімін сата алмай, қып-қызыл шығынға батты. Өйткені мақта бағасы тым құлдырап кетті. Тоннасы небәрі 130 мың теңге. Ала жаздайғы еңбегін ақтамағанына күйінген шаруалар осы жәйтті айтып Ауылшаруашылығы министрілігіне де, депутттар мен өңір басшысынан да бірнеше мәрте қолдау сұрады. Олардың айтуынша, аймақтағы мақта қабылдайтын зауыттар өзара ымыраласып, бағаны қасқана көтермей отыр.
Жетісай ауданы бойынша биыл 96 мың гектар жерге шит себілді. Бүгінгі таңға дейін егістіктен 125 мың тонна мақта жиналып алынды. Бірақ шаруаның дені қаржыдан қиналса да, жиып алған мақтасын сатып жатқан жоқ. Зауыттарға тек уақытша сақтау үшін ғана өткізіп қойған. Бағаның бағамы тұрақты болғанша әліптің артын баға тұрмақ.
Бар мәселе Ливерпуль биржасына мақта дайындаумен айналысатын делдал компанияларда болып тұр. Мақта заңы бойынша өнімін зауыттарға тікелей өткізгендерге ғана мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіледі. Тоннасына 12 мың теңге. Ал делдалдар арқылы қабылданған өнімге ешнәрсе төленбейді. Жетісайда жалпы мақта өңдейтін 7 зауыт бар. Қазір соның тек біреуі ғана мақтаны өз ақшасына сатып алуда. Өзгесінде делдалдардың дегені болып тұр.
Шаруаға жылда бағаға тәуелді болмау үшін енді бір ғана жол қалып тұр. Ол ауыспалы егіс тәсілін қолданып, озық агротехникалық талаптарды орындау. Интенсивті тәсілді игеріп, гектарынан мейілінше мол өнім алуға ұмтылу.
Ғани ҚАЛМАХАН