Түркістан облысында жылыжайдағы өнім үсіп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында жылыжайдағы өнім үсіп кетті

19.01.2023

Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы жылыжайларда өсіп тұрған қызанақты үсік шалып, шаруалар шығынға батты.

Жылыжай иелері суықтан бұзылып кеткен өнімін қоқысқа тастап жатыр. Көмір тапшылығынан әсіресе, Түркістан облысының кәсіпкерлері көп зардап шекті. Соңғы мәлімет бойынша, аймақта 167 жылыжайдың өнімі бүлінген. Көмір таппаған диқандардың көшеттері мен пісіп тұрған көкөністері үсіп жатқаны жайлы 2 күн бұрын ғана Ұлттық арна эфирінен көрсеткенбіз. Бүгін Түркістан облысының әкімі осы мәселе бойынша жиын өткізіп, көмір мәселесін тез арада шешуді тапсырды. Жұмысты өз деңгейінде жүргізбеген басшылардың кейбіріне қатысты қызметтік тексеру жүргізетінін айтты.

Дархан Сатыбалды, облыс әкімі:
Жұмыс өз деңгейінде жүргізілмегіндігі анықталып отыр. Аудан, қалаларға көмір жеткізу толық шешілмеген. Тұрғындар, жылыжай иелері көмір тапшылығына және бағасына наразылық білдіруде. Қажетті көмір көлеміне орай басқармалар мен аудандардан жинақталған мәліметтер де дұрыс болмай шықты.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу