Ресей Украинаға Керчьте ұсталған кемелерді қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Украинаға Керчьте ұсталған кемелерді қайтарды

18.11.2019

Ресей Украинаның тұтқындалған кемелерін қайтарып жатыр. Кеше брондалған екі катер мен буксир Қара теңіздің бейтарап аймағына жеткізілді. Ал бүгін түсте оны қарсы тарапқа тапсыру жоспарланып отыр. Осылайша Мәскеу Киевпен жасасқан шарт негізінде өз міндеттерін орындауға кірісті.

Айта кетсек, осыдан тура бір жыл бұрын Керчь бұғазында су көліктері шекараны бұзды деген айыппен ұсталған еді. Алайда Украина өзіне тағылғын кінәні мойындаудан бас тартып, оқиғаны «агрессия актісі» деп атады. Сол уақыттан бері борттағы экипаж мүшелері де Мәскеуде тұтқында болып, қыркүйекте ғана елдеріне қайтарылды.

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу