Путин Украина қалаларын зымыранмен атқылаудың себебін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Путин Украина қалаларын зымыранмен атқылаудың себебін айтты

01.11.2022

Ресей президенті Владимир Путин Украина қалаларын не үшін дүйсенбі күні зымырандармен атқылағандары жайлы мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, Ресей армиясы мұндай қадамға Қырымдағы Қара теңіз флотының кемелері дрондар шабуылына ұшырағасын барып отыр.

Тағы бір сөзінде Кремль басшысы Мәскеудің Украинадан астықты қауіпсіз экспорттау келісімінен шықпай, оған қатысуды уақытша тоқтатқанын да атап өтті.

Алайда, Украина ресейлік кемелерді атқылағанын мойындамады және де Киев бидай тиелген кемелер өтетін дәлізді Қырымға шабуыл жасау үшін қолданбайтынын хабарлап отыр.

Арыстан Рысбек 

Хабарламаларға жазылу