Павлодарда жол апатынан қаза тапқан оқушылардың отбасына 1 миллион теңгеден көмек беріледі

17.04.2014
Павлодарда жол апатынан қаза тапқан оқушылардың отбасына 1 миллион теңгеден көмек беріледі
Павлодарда жол апатынан қаза тапқан оқушылардың отбасына 1 миллион теңгеден көмек беріледі. Сауапқа толы істі өздерін жариялауды жөн көрмеген облыстағы бір кәсіпорын жасап отыр. 
 
Сондай-ақ, кәсіпорн апаттан жарақат алған балалардың отбасына 500 мың теңгеден беріп, ем-домына жәрдемдеспек. Ал, жерлеу рәсімдерінің шығындарын «Ферроқорытпа» зауыты мойнына алды.
 
Оқушылар білім алған оқу орнының ұстаздары мен шәкірттері де қолдан келген көмегін жасап жатыр. Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуір күні Ақсу-Дегелең тас жолында жол көлік оқиғасында 4 оқушы қайтыс болды.

Хабарламаларға жазылу