Мүгедек балалар дені сау ұл-қыздармен бір мектепте неге оқымайды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүгедек балалар дені сау ұл-қыздармен бір мектепте неге оқымайды?

15.11.2019

Мүмкіндігі шектеулі балаларды бөліп-жармай, дені сау ұл-қыздармен бір мектепте оқыту керек. Бүгін Нұр-Сұлтанда өткен инклюзивті қоғамды дамытуға арналған дөңгелек үстелде осындай бастама көтерілді. 

Жалпы инклюзия – бұл білім алуды ғана емес, дені сау адамның кембағал жанға қамқорлық көрсетіп, олармен тең дәрежеде өмір сүруін білдіреді. «Сондықтан оны іске асыруды мүгедектерге арналған балабақша мен мектептерді жабудан бастау керек», - дейді белсенділер. 

Айта кетерлігі, қазір елімізде 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Шара барысында олардың өмір сүру деңгейін арттыруға арналған конвенцияның қалай орындалып жатқаны да сөз болды.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу