Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі қандай болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі қандай болады?

15.11.2019
Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі қандай болады?

Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігінің және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізуде. Ол 2020 жылдан бастап беріле бастайды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Тиісті бұйрыққа Ішкі істер министрі 2019 жылы 2 қарашада қол қойып, ол 2019 жылы 4 қарашада Әділет министрлігінде тіркелді. Көрсетілген құжаттардағы электрондық чип келесі бетіне көшіріліп, чип жадының көлемі ұлғайтылады», - делінген хабарламада.



Жалған құжат жасамау мақсатында штрих-код түрінде қосымша қорғау енгізіледі, сондай-ақ көлік құралын тіркеу туралы куәліктің түсі өзгереді.

Айта кетейік, министрлік бұрын берілген жүргізуші куәліктері мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктерді ауыстырудың қажеті жоқ екенін айтты. 

Аталған құжаттарды беру үшін мемлекеттік баж мөлшері өзгермейді және ол бұрынғыша 1,25 АЕК-ті құрайтын болады.

Фото: ІІМ баспасөз қызметінен

Хабарламаларға жазылу