Алматыда Қазақ ұлттық хореография академиясының концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Қазақ ұлттық хореография академиясының концерті өтті

12.03.2019

Алматыда Қазақ ұлттық хореография академиясының концерті өтті. Бұл би өнері мамандарын даярлайтын оқу орнының алғашқы гастрольдік сапары. Елдің оңтүстік аймағын аралаған өнер ұжымының концерті «Самғау» деп аталды. Өйткені, өнерпаздардың барлығы енді қанаттанып келе жатқан жастар.

Олардың арасында «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атанған, академияның аға-оқытушысы Анвара Садықова да бар. Концертте академияның үздік қойылымдары көрсетілді. Классикалық, ұлттық үлгідегі шетелдік және отандық хореографтардың жұмысын бастауыш және жоғары сынып оқушылары орындады.

Бибігүл Нүсіпжанова, Қазақ ұлттық хореография академиясының проректоры:

Бұл бірінші үлкен бір сапар. Өйткені, біздің оқу орнымыз өте жас. Біз биыл 3 жастамыз. Енді тәй-тәй басып, алғашқы қадамдарымызды басып жатырмыз. Біз ең алғашқы сапарымызды Тараздан бастадық. Енді Алматыға келдік. Бір айдан кейін Ташкентке барамыз.

Аманкелді СЕЙІТХАН           

Хабарламаларға жазылу