Мемлекет басшысы жаңа «Астана Балет» театрының ашылуына орай бір актілі балет премьерасын тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы жаңа «Астана Балет» театрының ашылуына орай бір актілі балет премьерасын тамашалады

10.12.2016
Мемлекет басшысы жаңа «Астана Балет» театрының ашылуына орай бір актілі балет премьерасын тамашалады

«Астана Балет» театрының хореографиялық ұжымы Бразилия хореографы Рикардо Амарантенің классикалық музыкамен әрленген «Diversity» балетінің премьералық көрсетілімін ұсынды.

Қазақ ұлттық хореография академиясының кешені құрамына кіретін жаңа театр әлемдік үздік үлгілерге сай келеді және балет, опера, драма сияқты кез келген шығармашылық ұжымды қабылдай алады.

Сахнаның техникалық өлшемдері түрлі жанрдағы және стилистикалық бағыттағы спектакльдер қоюға, концерттер, мюзиклдер және сан алуан арнаулы эффект қолданылатын шоулар өткізуге мүмкіндік береді.

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу