Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап жарық көрді

10.12.2015
Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап жарық көрді

Қырғызстанда Ш.Айтматовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Шыңғыс Айтматов: өмір сүр және есте сақта» кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлады Қырғызстанның Ұлттық ғылым академиясы.

Кітап авторы - Қырғызстанның Ұлттық ғылым академиясының академигі  Абдылдажан Акматалиев. Ол Шыңғыс Айтматовпен дос болғандықтан, көптеген жазбаларының пайда болуына куә болды. 

«Бірде Шыңғыс Айтматов қар барыстарының өмірі жайлы жақсы білетін аңшыларды табуды сұраған. Кейін, Айтматов өзінің соңғы «Таулар құлағанда» романын жазды», - деді А.Акматалиев.

Ш. Айтматов Акматалиевке «Умен суарылған гүлдер» фельетонын табыстап кеткен.. 

Басылмай, қолжазба түрінде қалған тағы бір шығармасы - «Флейта мен жер» ұлы Асқар Айтматовтың үйінен табылды.

Хабарламаларға жазылу