Махса Амиридің өлімі: Демонстрация 80 қалада өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Махса Амиридің өлімі: Демонстрация 80 қалада өтіп жатыр

23.09.2022

Иранда 22 жастағы әйелдің өліміне наразылық ретінде басталған шеру тыйылмай жатыр. Демонстрация ел астанасы Тегеран мен өзге 80 қалаға тараған. Наразылық акциясы кезінде полициямен қақтығыста қаза тапқандар саны артып, 17-ге жетті. Олардың арасында тәртіп сақшылары да бар.

Еске салайық, полиция Махса Амириді өткен аптада орамалды дұрыс тақпағаны үшін қамауға алған. Әйел үш сағаттан кейін қайтыс болды. Ресми мәліметтерге сай, марқұмның жүрек талмасы ұстаған. Ал құқық қорғаушылар оны полиция соққыға жықты деп мәлімдеп отыр. Махса Амиридің ата-анасы да қызының денсаулығында еш ақау болмағанын айтады.

Хабарламаларға жазылу