Канадада қазақстандық студент қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадада қазақстандық студент қаза тапты

25.12.2019
Канадада қазақстандық студент қаза тапты

Канаданың Торонто қаласында жол апатынан қазақстандық студент қаза тапты. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады.

«Торонто полициясының мәліметінше, 2019 жылдың 22 желтоқсанында кешке Скарборо ауданында жүргізуші көлігін дұрыс басқара алмай, тротуармен келе жатқан үш студентті қағып кетті. Екеуі көз жұмды, біреуі ауыр халде жатыр. Полиция дерегіне сай, қайтыс болғандардың бірі – Қазақстан азаматы, Сентенниал колледжінің (Centennial College) студенті», - деп хабарлады министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Жергілікті БАҚ-тың мәлімдеуінше, апаттан зардап шеккендер - ағайынды қытайлық студенттер мен 19 жастағы Дамир Құсайын. Ал көлікті тізгіндеген - 40 жастағы Майкл Джонсон. Жүргізушіге 9 іс бойынша айып тағылды. 

Сурет: globalnews.ca

Хабарламаларға жазылу