Алматы зообағының ашылғанына 82 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы зообағының ашылғанына 82 жыл толды

08.11.2019

Алматыдағы хайуанаттар бағының құрылғанына 82 жыл толды. Осыған байланысты зоологтар бас қосып, жануарлардың табиғи гендік қорын сақтау жолдарын талқылады. 

Жиында сирек кездесетін жануарларға биологиялық бақылау мен күтімді оңтайландыру, зообақ қызметі және мәртебесі туралы бірқатар мәселені пысықтады. Бақ жыл сайын түрленіп, жан-жануарлардың саны да артып келеді. Қазір ірі мегаполистің зообақ аумағында 3517 жануар мен құс бар. Орталық Азиядағы теңдессіз зообаққа келушілер осы жерден қандай аң-құстарды көргісі келетіндігін айтып, ұсыныстарын жазып қалдырады. Олардың тілегі мүмкіндігінше ескеріліп, жыл сайын түрлі жануарлармен толығады.

Сейілхан Ақылбеков, Алматы хайуанаттар бағы директорының міндетін атқарушы:

Осы жылдардың ішінде біздің зообағымыз күннен-күнге көркейіп келе жатыр. 

Алмат Әбдіраман

Хабарламаларға жазылу